Accessibility links

Ресейде 2002 жылдан бері екінші халық санағы басталды


Бейсенбі күні Ресейде 25 қазанға дейін жалғасатын халық санағы басталды.

Ресейдің алыс әрі ит мұрыны батпайтын облыс-аймақтарында санақ сәуір айынан бері жалғасып келеді. Жалпыхалықтық санақтың бастапқы қорытындысын алдағы жылдың сәуірінде, толық қорытындысын жыл соңына қарай шығару жоспарланып отыр.

Жалпыхалық санағын жүргізуге Ресей үкіметі шамамен 17 миллиард доллар қаржы жұмсамақшы.

Мемлекеттік статистика қызметінің бағалауынша, қазір Ресей халқының саны шамамен 142 миллионды құрайды, яғни бұл – 2002 жылғы санақ анықтаған халық санынан 3 миллион адамға кем.
XS
SM
MD
LG