Accessibility links

Қытай: коммунистік партияның бесінші пленумі басталды


Бүгін Қытайда коммунистік партия орталық комитетінің бесінші пленумы басталды. Онда 2011 жылдан бастау алатын алдағы "бес жылдық" жоспар талқыланады.

Мемлекеттік кеңестің төрағасы Ху Цзиньтаоның атап өтуінше, негізгі мақсат - кіріс көлемінің өсуі мен қытайлық фермерлер мен жұмысшылардың жағдайын жақсарту.

Партияның барлық аймақтарынан келген 400 өкіл қатысып отырған бұл жиын төрт күнге созылады.
XS
SM
MD
LG