Accessibility links

Хорватия: Дунайда алюминий мөлшері шамадан тыс


Хорватия аумағындағы Дунай өзенінің суында алюминий мөлшерінің шамадан тас екендігі анықталды.

Хорват мамандарының сөзінше, өзендегі алюминий мөлшері қалыпты шамадан төрт жарым есеге артқан. Бұл әзірге тұрғындар денсаулығына қауіпті емес екендігі де хабарланып отыр.

Сараптама Венгрияда болған апаттан кейін жүргізілген.

Қазанның 4-інде Венгрияда, байытылған алюминийдің қалдықтары сақталатын қоймада апат болып, жеті адам қаза тапты. Тағы оншақты адам зардап шекті.
XS
SM
MD
LG