Accessibility links

Кәрім Мәсімов Мәскеуде сапарда жүр


Жұма күні Мәскеуде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кеден одағына қатысатын елдердің үкімет төрағаларының мәжілісіне қатысады, деп хабарлады қазақ премьерінің баспасөз-қызметі.

Мәжіліс Қазақстан, Ресей және Беларус үкіметтерінің төрағаларының қатысуымен өтіп, оның барысында 2012 жылға қарай Біртұтас экономикалық кеңістік құру мәселелерін талқылайды.

Үкімет басшылары экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын құру мүмкіндігін ақылдасады.

Әзірге қажетті 20 келісімнің тек үшеуіне қатысты келіссөздер толығымен аяқталған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG