Accessibility links

Ақ үй ресми Лондонның жоспарына алаңдайды


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон британ үкіметінің қорғаныс шығындарын қысқарту жоспарына алаңдайтынын мәлімдеді.

ВВС-ге берген сұхбатында Клинтон ханым атап көрсеткендей, НАТО одағы – «тарихтағы ең сәтті әскери альянс», бірақ оның жетістіктерін бекіту үшін одаққа кіретін барлық 28 елдің «жеткілікті қолдауы» болуға тиіс.

Бұл мәлімдеменің алдында британ үкіметінің 2015 жылға қарай қорғаныс бюджетін 10 пайызға қысқартуды жоспарлағаны хабарланды.

Алайда, Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон елдің қорғаныс қабылетінің әлсіреуіне алаңдайтындай ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG