Accessibility links

Грузияда премьер-министрдің құзыры кеңеюі мүмкін


Жұма күні Грузия парламенті президенттің билік құзыры есебінен премьер-министрдің құзырын кеңейтуді көздейтін Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобасын мақұлдауға тиіс.

Сыншылар бұл түзетулер президент Михаил Саакашвилидің екінші және 2013 жылдың қаңтарында аяқталатын соңғы мерзімінен кейін де билік басында қалуына мүмкіндік береді деп есептейді.

Өз кезегінде Саакашвили мәлімдегендей, жаңа Конституция бір өзінің мүддесі үшін қабылданбайды, өзінің мақсаты билік басында қалу емес, қазіргі билік бастаған реформалардың «жалғасуына» жағдай жасау болып табылады.

Конституциялық реформаларға дауыс беру 12 қазанға жоспарланған болатын. Бірақ парламент заң жобасының түпкілікті жобасымен танысу үшін көбірек уақыт керек деп, 15 қазанға қалдырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG