Accessibility links

Ресей Венесуэлада атом стансасын салады


Венесуэла жерінде бірінші атом электр бекеті салынуы мүмкін. Жұма күні Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Мәскеуде сапарда жүрген Венесуэла президенті Уго Чавес тиесілі келісімге қол қойды.

Алғашқыда Ресей премьер-министрі Владимир Путин Каракасқа сапары кезінде осындай уағдаластыққа келген болатын.

Чавестің Мәскеуге сапарының негізгі қорытындысы – Ресей мен Венесуэла 2014 жылға дейін ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылған «Іс-қимыл жоспары» атаулы құжатқа және тағы басқа келісімге қол қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG