Accessibility links

Кеден одағы ТМД елдерін түгел қабылдауға әзір


Кеден одағына қатысатын елдердің үкімет басшыларының кездесуінен кейін Ресей премьері Владимир Путин мәскеу мен Минск және Астана барлық ТМД елінің Кеден одағы мен Біртұстас экономикалық кеңістікке қатысуы мәселесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Қазір, біздің Украинамен арадағы қарым-қатынасымыздың саяси қабығы түскеннен бері біз украиналық әріптстеріміздің де түрлі интеграциялық бірлестіктен мейлінше экономикалық пайда көруге қызығып отырғанын көреміз, - деді Путин.

Ресей премьері ТМД мен ЕурАзиялық экономикалық ынтымақтастығына кіретін Тәжікстан мен Қырғызстан сынды бірқатар республиканың Кеден Одағына кіруге мүдделі екендерін еске салды.
XS
SM
MD
LG