Accessibility links

Талибан көсемінің бірі келіссөзге Кабулға келді


Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы, АҚШ генералы Дэвид Петреус «Талибан» қолбасыларының біріне ауған үкіметімен келіссөз жүргізуі үшін Кабулға келуіне коалициялық күштердің мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

Одан 1 күн бұрын НАТО мен АҚШ шенеунектері ауған үкіметінің Талибанмен бітімге келу үшін келіссөз жүргізуін қолдайтынын айтқан болатын.

Пәкістан да тәліптермен келіссөз жүргізілуін қолдайды.

Жұма күні Брюссельде Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына ресми Исламабадтың да мүдделі екенін мәлімдеді.

9 жылдай уақытқа созылған ауған соғысында биыл халықаралық коалиция үшін ең ауыр жыл болды. Тек осы айдың ішінде ғана Ауғанстанда кем дегенде 40 шетелдік әскери мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG