Accessibility links

Венесуэла Беларуске 30 млн.тонна мұнай береді


Венесуэла 2011 жылдан бастап үш жыл бойы Беларусь еліне 30 миллион тонна мұнай жеткізіп тұрады. Мұндай келісім Венесуэла президенті Уго Чавестің сенбі күні Минскіге сапары кезінде қол қойылды.

Минск Мәскеудің Беларуске берілетін мұнай экспортына баж салығын енгізгеннен бері Венесуэладан алатын газ көлемін ұлғайтуға тырысып келеді.

Чавестің Мәскеуге сапары барысында Ресей мен Венесуэла арасында бірқатар келісімдер жасалды. Оның бірі Ресей Венесуэлада бірінші атом электр стансасын салуға көмектесетін болды.
XS
SM
MD
LG