Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО әскері опат болды


Ауғанстандағы НАТО бастаған әскери коалицияның хабарлауынша, жексенбі күні елдің оңтүстігінде бір әскер бомбаға түсіп мерт болды.

НАТО ол әскердің қай елден екенін айтпады. Сенбі күні Ауғанстанда әскери коалицияның екі сарбазы екі бөлек жарылыстан қаза тапқан. Ауғанстанда қаза тапқан әскерлер саны осы айда 44-ке жетті.

Сонымен қатар сенбі күнгі жарылыстардан кемінде екі бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнешеуі жараланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG