Accessibility links

Таяу Шығыс келіссөздеріне қатысты Париж саммиті кейінге қалды


Израиль мен Палестина жетекшілерінің басын қосуы керек болған Париж саммиті кейінге қалып, Таяу Шығыс бейбіт процесінің тағдыры қайтадан бұлыңғыр тартты.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхудің кеңсесі алдағы аптаға жоспарланған кездесудің мерзімі кейінге ысырылды деген мәлімдеме таратты. Франция президенті Николя Саркози Таяу Шығыс жетекшілерін Парижде бетпе-бет кездесуге шақырған. Қыркүйек айында АҚШ-тың арағайындығымен басталған Таяу Шығыс келіссөздерін жалғастыру үшін Израиль премьер-министрі Нетаньяху, Палестина жетекшісі Махмуд Аббас және Мысыр президенті Хосни Мүбарак Парижге шақырылған еді.

Осыған дейінгі келіссөздер Израиль үкіметінің Батыс жағалауда еврей қоныстарын салуды жалғастыру жоспарына Палестина тарабының наразылық танытуынан соң тоқтап қалған.

Израиль бейсенбі күні Шығыс Иерусалимде тағы 238 тұрғын үй салу жоспары туралы хабарлады. АҚШ, Ресей және Франция Израилдің бұл жоспары көңілге қонбайтынын айтып, ол бейбіт процесті тоқтатып тастауы мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG