Accessibility links

АҚШ Қытай компанияларын айыптайды


Америка Құрама Штаттары Қытайға қытайлық компаниялар Иранмен арадағы ынтымақтастығын тоқтатсын деген өтініш жолдады.

Washington Post газеті хабарлағандай, АҚШ президентінің әкімшілігі Қытайдың кейбір ұйымы БҰҰ-ның Теһранға қарсы өткен маусым айында қабылдаған санкциясын бұзады деп мәлімдейді.

Нақты қандай ұйымның санкцияны бұзғаны айтылмады. Ресми Бейжің бұл ақпаратты тергейтінін мәлімдеді.

Халықаралық қауымдастық Ираннан ядролық қару жасап алуға ұмтылады деп күдіктенеді. Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейді деп деумен келеді.
XS
SM
MD
LG