Accessibility links

Ауғанстанда 8 ауған күзетшісі қаза тапты


Ауғанстанның оңтүстігінде тәліптердің шабуылынан үкіметтік емес 8 ауған күзетшісі қаза болып, тағы екеуі жараланды. Атыс кезінде бір тәліп оққа ұшты.

Дүйсенбі күні Гильменд өлкесінің билігі хабарлағандай, дүйсенбіге қараған түні тәліптер жол-құрылыс компаниясының күзетіне тосыннан шабуыл жасады. Тәліптер 16 полицейді өлтіргенін мәлімдеді.

Осы күні Ауғанстандағы НАТО күштерінің басшылығы хабарлағандай, оңтүстіктегі Кандагар өлкесінде жуырда ғана тұтқынға түскен содыр түрме камерасынан өлген күйінде табылды. Оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Тергеу басталды.
XS
SM
MD
LG