Accessibility links

Пәкістан: саяси партия биліктен қорғау сұрады


Пәкістанның Карачи қаласында «Мұттахид Қаумидің қозғалысы» атты саяси партия ресми биліктен өз белсенділерінің қауіпсіздігін қорғауды етуді талап етеді. Оған себеп: партияның белсенділеріне қарсы бірқатар қастандық жасалып, өткен аптаның соңында 33 кісі құрбан болды.

Аталған партия президент Юсуф Риза Зардаридің коалициялық үкіметінен шығуы мүмкін екенін ескертті. Ондай жағдайда қазіргі үкімет парламенттегі көпшіліктің қолдауынан айрылуы, тіпті ыдырауы әбден мүмкін.

Қанды қастандықтар парламентке Синд өлкесінен жексенбі күні болып өткен қосалқы депутат сайлауы қарсаңында өрши түсті.

Тамыз айында «Мұттахид Қаумидің қозғалысы» партиясынан Карачиде сайланған депутат кісі қолынан мерт болған соң, оның депутаттық орны бос тұрған еді.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG