Accessibility links

Ирақ премьер-министрі Иранға келді


Үкімет басында екінші мерзім қалғысы келген Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики дүйсенбі күні Теһранға келіп жетті.
Әл-Мәлики Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хаменеимен кездесіп, Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, Ирак пен Иранның қарым-қаптынасын «стратегиялық» деп сипаттапты.

Нұри Әл-Мәлики өзі бастаған шийттердің альянсы наурыз айындағы парламент сайлауында жеткілікті дауыс жинай алмаған соң, үкімет басында қалуға тырысады.

Экс-премьер-министр Ияд Аллауи бастаған сүнниттердің «Iraqiya» саяси блогі де облыс-аймақтардың қолдауына ие болуды көздейді.

Өткен жексенбі күні Аллауи: - Иран бір саяси топты екіншісіне қарсы қолдауға немесе алалауға тиіс емес, - деп мәлімдеді. Ол сонымен қатар Иранды Таяу Шығыстағы ахуалды шайқап отыр деп айыптады.
XS
SM
MD
LG