Accessibility links

Мәскеу: Әблязовқа іздеу жариялау заңды


Мәскеудің Тверь аудандық соты Мұхтар Әбілязовқа халықаралық іздеу жариялау заңды екендігін айтты. Бұл туралы бүгін "Новости-Казахстан" агенттігі хабарлап отыр. "БТА Банкінің" бұрынғы басшысы төрт миллиард долларды қолды қылып, алаяқтық жасады деп айыпталды.

Әбіләзовтың қорғаушысы адвокат Георгий Поспелов, бизнесменнің тұрып жатқан жері тергеуге белгілі болғандықтан Әбіләзовке іздеу жариялау заңсыз деп сотқа шағымданған. Алайда сот ол шағымды қанағаттандырмады.

Бұдан бұрын, тергеуге келмейтіндіктен сот Мұхтар Әбіләзовты сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. Алайда бұл шешім әлі күшіне енген жоқ. Себебі бизнесменнің адвокаты шешімді қайта қарауға өтініш берген еді. Бұл өтініштің енді қашан қаралатындығы әлі белгісіз.
XS
SM
MD
LG