Accessibility links

Шешен парламентіне жасалған шабуылдан 3 кісі мерт болды


Грозныйда Шешенстан парламентіне жасалған шабуылдан 2 милиция қызметкері мен шаруашылық меңгерушісі қаза тапты. Ол туралы республика президенті Рамзан Қадыров хабарлады.

Қадыровтың айтуынша, шабуылға тойтарыс беріліп, содырлардың көздері жойылды. Депутаттардың ішінен жапа шеккен ешкім жоқ.

Шешен президентінің мәліметі бойынша, сейсенбі күні таңертең үш қаскүнем парламент ғимаратына сытылып кіріп, 2 милиция қызметкерін атып өлтірді. Оларға милицияның арнаулы бөлімі мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері тойтарыс берді.

Төтенше оқиға туралы Грозныйда жүрген Ресей ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев пен премьер-министр Владимир Путинге хабарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG