Accessibility links

Ақ үй мен Тель-Авив Иранды «ең зор қатер» деп санайды


АҚШ пен Израиль Иранды Таяу Шығысқа төнген «ең зор қатердің бірі» деп атады. Екі ел де Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейтіндерін мәлімдеді.

Мұндай бірлескен мәлімдеме «стратегиялық диалог» шеңберіндегі Вашингтонда болып өткен кезекті АҚШ-Израиль келіссөзінен кейін жарияланды.

Құжатта сондай-ақ Израиль мен Палестинаны бітімге шақырған үндеу де бар.
XS
SM
MD
LG