Accessibility links

Бішкекте наразылық митингісі әрі қарай жалғасты


Қырғызстан астанасы – Бішкекте үкімет кеңсесі маңындағы орталық Алатау алаңында сәуір айындағы қанды қақтығыс құрбандарының туыстары наразылық митингісін жалғастырды. Олар 10 қазандағы парламент сайлауының нәтижесімен келіспейді. Митингі бірнеше күн бұрын басталған болатын.

Ереуілді «Мекен шейттері» және «Айкөл Алатау» қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған көрінеді. «Мекен шейттері» төрағасының орынбасары Тұрысбек Сағынаевтың айтуынша, олар өздерін қолдайтын ондаған мың адамның қолын жинады және сайлаудың нәтижесін жарамсыз деп тану туралы уақытша президент Роза Отынбаеваның атына жолданған үндеуіне 9 қоғамдық бірлестік қол қойды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, наразылық ереуілі сайлаудың нәтижесі жарамсыз деп танылмайынша жалғаса береді. Егер олай болмаса, онда ереуілшілер дауыстарды қайта есептеуді талап етеді.
XS
SM
MD
LG