Accessibility links

Шешен парламентіне 4 содыр шабуыл жасады


Грозныйда Шешенстан парламентіне жасалған шабуылды 4 содыр жүзеге асырды, деп хабарлады терроризмге қарсы ұлттық комитет.

Шабуылдан 2 милиция қызметкері мен шаруашылық меңгерушісі қаза тапты, 17 адам, оның ішінде 6 милиция қызметкері жараланды. Депутаттардан ешкім зардап шеккен жоқ.

Содырлар сейсенбі күні таңертең Грозныйдағы үкімет кешеніне автокөлікпен бұзып кіріп, екеуі парламент ғимаратында өздерін жарып жіберген. Қалған екеуі парламенттің бірінші қабатында баррикада орнатып алып, атыс кезінде оққа ұшқан.

Азаттыққа көзі көргендердің бірі, Свердлов заң шығарушы жиналысының депутаты Игорь Данилов хабарлағандай, парламент ғимаратына айтарлықтай зиян тиді.

Әйтсе де чешен парламентінің мәжіліс залына ешқандай зақым тимей, депутаттар Шешенстан бюджетінің жобасын талқылауға жиналыпты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG