Accessibility links

Кремль НАТО саммитіне қатысатын болды


Ресей президенті Дмитрий Медведев – Франция президенті Николя Саркозимен және Германия канцлері Ангела Меркельмен француздардың Довиль қаласындағы үш жақты кездесуінен кейін өткізген баспасөз-маслихатында – Кремльдің 19-20 қараша күндері Лиссабонда өтетін НАТО саммитіне қатысатынын мәлімдеді.

Оның алдында «Довиль кездесуіне» қатысушылардың ішіндегі ақпарат көзін сілтеген Reuters агенттігі НАТО-ның Еуропадағы біртұтас зымырандық шабуылдан қорғану жүйесіне Ресейдің де қатысуы мүмкін деп хабарлаған болатын.

Еуропаның қауіпсіздігі мәселесі Довиль кездесуінің басты тақырыбының бірі болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG