Accessibility links

Ирақта жарылыстардан кемінде 10 кісі мерт болды


Сейсенбі күні Ирақтың түрлі ауданында болған жарылыстардан кем дегенде 10 адам қаза болып, 30-дан астам кісі жараланды.

Солтүстіктегі Салах ад-Дин өлкесінің түрлі қаласында – полиция қызметкерлерінің үйлері мен күзет постында 4 жарылыс болды. Одан 10 кісі құрбан болып, 5 адам жараланды.

Оның ішінде Тикрит қаласында жарылыстан жоғары шенді полиция офицерінің үйі қирап, отбасының 4 мүшесі опат болды, офицердің өзі мен тағы тағы бірнеше кісі жараланды.

Бағдадтың орталығында Ираннан келген діндарлар отырып келе жатқан 2 автобустың жарылысынан 14 кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG