Accessibility links

Қазақстанның ет өнімдеріне салынған шектеу алынды


Ресейлік Россельхознадзоромның Қазақстанның үш облысынан ет өнімдерін әкелуге салынған шектеуі алынды. Астана мен Мәскеу осыған сәйкес меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі.

Осыдан біраз бұрын Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан Ресейдің Орынбор облысына ет өнімдерін жіберуге тыйым салынған еді.

Министрлік хабарлауынша, енді Орынбор облысының кәсіпкерлері де өз тауарларын Қазақстанның аталған үш облысына экспорттай алады.
XS
SM
MD
LG