Accessibility links

Салық комитетінің қызметкерлері 15 пайызға қысқартылады


Қарашадан бастап салық комитетінің қызметкерлері 15 пайызға қысқарады. Бұл туралы бүгін Астанада тоғыз айдың қорытындысын жасаған комитет төрағасы Дәулет Ерғожин мәлімдеді, дейді Азаттық тілшісі.

Оның сөзінше, қазірден бастап ескерту алған кейбір қызметкерлер басқа жұмыс қарастырып жатыр екен.

Қысқартуға негізінен аудандық бөлімше басшыларының орынбасарлары ілінеді. Жалпы қысқартулар барлық өңірлерде көзделген деді комитет төрағасы.
XS
SM
MD
LG