Accessibility links

БҰҰ Ирақтағы қызметкеріне қарсы шабуылды айыптады


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның Ирақтағы арнайы өкілінің көлігін нысанаға алған шабуылды айыптады. Сейсенбі күні Наджафта болған шабуылдан ұйымның арнайы өкілі мен басқа да қызметкерлері аман қалды деп хабарланды.

Бірақ арнайы өкілдің көлігін алып жүруші Ирақтың қауіпсіздік күштерінің мүшесі қаза тауып, бірнешеуі жараланған.

Шабуыл алдында БҰҰ-ның арнайы өкілі Наджафтағы шийттердің жетекшісі аятолла Али әл-Систанимен келіссөздер өткізген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG