Accessibility links

Ауғанстан: сайлаудағы дауыстардың 20 пайызын жарамсыз


Сәрсенбі күні Ауғанстанның сайлау комиссиясы өткен айдағы парламент сайлауының 1,3 миллион даусын дауыс беру кезіндегі заңбұзушылықтар мен бұрмалаушылықтарға байланысты жарамсыз деп таныды. Ол сайлаудағы дауыстың 20 пайызын құрайды.

Тәуелсіз сайлау комиссиясының басшысы Фазил Ахмад Манавидің айтуынша, 5,6 млн дауыстың 1 миллион 300 дауысы жарамсыз болып шықты. Дегенмен де жарамды дауыстардың жалпы есебі 4,265,347. Ауғанстандағы қазіргі жағдайды ескерсек бұл өте үлкен жетістік деді Манави.

Ауғанстанда парламент сайлауы қыркүйектің 18-де өткен болатын. Содан бері сайлаудың алғашқы нәтижесі жарияланып отыр.
XS
SM
MD
LG