Accessibility links

Клинтон: АҚШ саяхатшыларын түрмеге жабуға еш негіз жоқ


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иранның бір жылдан аса қамауда ұстап отырған америкалық екі азаматты түрмеге жабуына еш негіз жоқ деп біледі.

Бұл пікірін сейсенбі күні Вашингтонда білдірген Клинтонның айтуынша, америкалық саяхатшылар Джош Фаттал мен Шейн Бауерді қарашаның 6-да түрмеге жабуы мүмкін деген хабарлар шыққан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Иран билігін қайырымдылық танытып, Теһранда отырған екі америкалықты олармен бірге болған Сара Шурд сияқты босатуға шақырды.

Иран Сара Шурдты қыркүйек айының ортасында босатқан. Олар Ирақ тауларына шығып жүріп, Иран аймағына байқаусызда өтіп кеткен. Иран АҚШ саяхатшыларына тыңшылық жасамақ болды деген айып таққан.
XS
SM
MD
LG