Accessibility links

"Шекарасыз репортерлер" ұйымының есебі жарияланды


Әлемдегі баспасөз еркіндігін бағалап отыратын "Шекарасыз репортерлер" ұйымы өзінің жылдық баяндамасын жариялады.

Онда Әлем елдеріндегі сөз еркіндігінің көрсеткіші бойынша баспасөзі еркін ең жоғары тізімде Финляндия, Исландия, Нидерланды, Норвегия, Швеция мен Швейцария елдері тұр.

Ал сөз еркіндігін шектеп отырған әлемдегі ең нашар үкіметтер қатарына Орталық Азия елдері енген. Бұл тізімде Қазақстан Қырғызстаннан екі орынға кейін 162-ші орынды иеленіп отыр.

Есепте 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалықты алып отырған Қазақстанда адам құқын қорғаушылар мен журналистерге қарсы бірнеше шабуылдар болғаны айтылған. Бұл елде тек мемлекеттік ақпарат құралдары қысымға ұшырамай отыр делінген.

Алматы қаласы ақпарат құралдарына қарсы бірқатар шабуылдарымен аты шықты дейді "Шекарасыз репортерлер" ұйымының есебін жасағандар.

Журналистер жұмысына кедергі болып отырған проблемаларды еңсеруге шақырған үндеулерге қарамастан, қазақ билігі оған назар аудармай отыр. Саяси себептермен түрмеге жабылған журналист Рамазан Есіргеповті түрмеден шығармады делінген халықаралық ұйымның баяндамасында.
XS
SM
MD
LG