Accessibility links

Саркози полицияға жанармай бекетіне жасалған кедергіні алуды тапсырды


Франция президенті Николя Саркози өзінің полицияға зейнетақы реформасына наразы шерушілердің қаладағы жанармай бекеттеріне жасаған кедергілерін бұзуды тапсырғанын айтты.

Соңғы күндері Францияда жаппай үкіметтің зейнетақыға шығу мерзімін 60 жастан 62 жасқа өзгерту жоспарына наразылық танытушылар бейберекеттіктер жасай бастады.

Мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары бірқатар жанармай бекеттеріне баррикадалар жасап, елдегі үштен бір жанармай бекеттерінің жұмысы тоқтап қалды.

Зейнетақы реформасы ұлттық ассамблеяда мақұлданып, енді осы аптаның соңында Сенаттың ақырғы қарауына шығуы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG