Accessibility links

Қазақстан халқы ассамблеясының төраға орынбасарлары ауысты


Қазақстан президентінің өкімімен Ахметжан Шардинов және Юрий Тимощенко Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Бұл туралы президент баспасөз қызметі хабарлады.

Тиісінше, Юрий Захаров пен Александр Дедерер ассамблеяның төраға орынбасары қызметтерінен босатылды.

Юрий Тимошенко «Қазақстан украиндерінің радасы» атты республикалық одағын, Ахметжан Шардинов «Ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігін басқарады.
XS
SM
MD
LG