Accessibility links

Александр Винокуров айыппұлдан босатылды


Жоғары спорттық арбитраж "Астана" велокомандасының жетекшісі Александр Винокуровты айыппұл төлеуден босатты. Винокуровке айыппұлды Халықаралық велосипедистер одағы салған еді.

Бұл туралы бүгін Velosportnews.ru сайты хабарлап отыр.

2007 жылы Велосипедистер одағы Винокуровке Тур де Франста қан құйдыру процедурасы үшін айыппұл салған еді. Спортшы сондай-ақ екі жылға ойыннан шеттетілді. Айыппұл көлемі бір миллион 200 мың еуро. Бұл сома Александр Винокуровтың бір жылдық айлығымен тең.

Жоғары спорттық арбитраж Велосипедистер одағы талабының заңды негізі жоқ деп тапты.
XS
SM
MD
LG