Accessibility links

Мәскеу мэрінен үміткер коррупциямен күрес басым бағыты екенін айтты


Бүгін Мәскеу мэрі қызметіне ұсынылған Сергей Собянин қалалық думада сөйлеген сөзінде, коррупцияның Ресей астанасындағы ең үлкен проблемалардың біріне айналғанын айтты.

"Мен коррупция мен бюрократия Мәскеу қаласының көптеген, тіпті барлық бәсекелестік басымдығының құнын кетіргеніне көзім жеткен. Әлбетте, қалаға көбірек ашық әрі нәтижелі басқару жүйесі керек. Мен бұл тұрғыда әкімшілік процедуралар мен бюджет басымдықтары туралы айтып отырмын",- деді.

Бүгін кешке Мәскеу қалалық депутаттары премьер-министр Владимир Путиннің жақын одақтасын қала әкімі ретінде бекітпекші. Сергей Собянин 18 жыл бойы Мәскеу мэрі болып, өткен айда ғана қызметінен алынған Юрий Лужковтың орнына келеді.

Ресей президенті Лужковты бірқатар мәселелермен қатар, миллиардер әйелінің құрылыс компаниясына тиімді келісім-шарттар жасап берді деп айыптаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG