Accessibility links

Франциядағы шерушілер Марсель әуежайының жолын бөгеді


Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық шеруіне шыққандар Марсель әуежайына баратын жолды бөгеді.

Ереуілшілер мұнай өңдеу зауыттары мен жанармай қорларына кедергілер жасап тастағандықтан, елдегі жанармай бекеттерінің төртен-бірі жағармайсыз қалды.

Наразылық шарасына студенттер де қосылған. Олар мен кәсіподақ ұйымдары үкіметтің зейнетке шығу жасын 60-тан 62-ге өсіру жоспарынан бас тартқанын қалайды.

Президент Николя Саркози бұл шаралар елдің тапшылығы мен қарызын азайтуда шешуші қадамдар екенін айтып, үкіметтің жоспарын қолдап отыр. Франция сенаты бұл заң жобасына апта соңында дауыс береді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG