Accessibility links

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Мәскеуде ширек финалға шықты


ҚазТАГ агенттігінің Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлауынша, қазақстандық жас теннисші Зарина Диас Мәскеудегі турнирде әлемнің бұрынғы бірінші теннисшісі сербиялық Елена Янковичті ойсырата жеңіп, ширек финалға шықты.

Жарыс бар-жоғы 59 минутқа созылып, 6:1, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл қазақстандық Диастың Мәскеудің теннис корттарындағы қатарынан жеткен бесінші жеңісі болып отыр.

Енді 17 жастағы Зарина Диас Мәскеуде өтетін ширек финалда ресейлік Мария Кириленкомен кездеседі.
XS
SM
MD
LG