Accessibility links

Алматының орталық бөлігі жарықсыз қалды


Алматының жарық беру мекемелерінің бірінде болған апат салдарынан қаланың орталық аудандары жарықсыз отыр.

«Қаланың орталық көшелерінде электр қуаты жоқ. 22 қазан таңғы сағат алтыда АРЭК подстанциясында апат болды. Медеу ауданындағы тұтынушылардың жартысы жарықсыз отыр», - деп хабарлаған жұма күні ҚазТАГ агенттігіне Медеу ауданының №6 электр желісінің өкілі.

Қазіргі уақытта жарықты қайтадан беру жұмыстары атқарылып жатқаны айтылғанымен, апаттың себептері хабарланбай отыр.

Алматыда соңғы үш күн қатарынан жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG