Accessibility links

Француз Сенаты зейнетақы жасын ұлғайтуы мүмкін


Жұма күні Франция Сенаты зейнеткерлікке шығу жасын 60-тан 62-ге дейін ұлғайту туралы заң жобасы бойынша шешім қабылдауы ықтимал.

Бұрын француз президенті Николя Саркози үкіметтің зейнетақы реформасының мейлінше шұғыл мақұлдануын талап ететінін мәлімдеді. Саркозидің бұл сөзі бүкіл елде наразылық толқынын көтерді: көлік пен мұнай өңдеу өнеркәсібі саласының жұмысшылары ереуілге шығып, Францияда көлік қатынасы бұзылып, жанармайға деген мұқтаждық пайда болды.

Жаппай ереуілге студенттер де қосылып, бірнеше жерде қатығыс болды.

Бейсенбі күні Францияның кәсіподақ бірлестіктері зейнетақы реформасына қарсы 28 қазан мен 6 қараша күндері жаңа екі наразылық пен ереуіл өткізуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG