Accessibility links

Ауғанстанға келетін инвестициялар тоқтауы мүмкін


Ауғанстанда жеке-меншікті күзет компанияларының жұмыс істеуіне бөгет қойылуы салдарынан халықаралық компаниялар ауған еліндегі инвестициялық саясатын қайта қарауы мүмкін.

Американың дипломаттары Ауғанстан үкіметін бұл шешімінен бас тартуға көндіріп көрмекші. Мұндай шешім, деп есептейді АҚШ дипломаттары, елді қалпына келтіру жобаларына қажетті миллиардтаған доллар инвестицияны бөлуге кедергі болуы ықтимал.

Ауғанстан үкіметінің жеке күзет компанияларының жұмыс істеуіне бөгет қойған шешімі желтоқсан айының ортасында күшіне енеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG