Accessibility links

Пәкістанда әскерге қарсы үшінші шабуыл болды


Жұма күні Пәкістанда әскери патрулдің автокөлігі минаға жарылып, бір аға офицер мен қатардағы 5 жауынгер мерт болып, тағы үш жауынгер жараланды.

Әскери басшылықтың хабарлауынша, жарылыс Талибан мен «Әл-Қаида» тобының содырлары белсенді әрекет ететін таулы Оракзай айданында болды.

Бұл соңғы аптада Пәкістан әскеріне қарсы жасалған үшінші шабуыл болды.

Пәкістанда ресми билік таяудағы апатты су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетумен шұғылданып, айтарлықтай тыныштық орнаған кезде осындай қастандық шабуылдар жиілей түсті.
XS
SM
MD
LG