Accessibility links

«Алға» партиясының көсемі президент сайлауына түседі


Қазақстандағы ресми тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының көсемі Владимир Козлов 2012 жылғы президент сайлауына үміткер болып дауысқа түседі. Козлов «Голос Республики» газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Оның атап көрсетуінше, Қазақстанда ұзақ жыл бойы президент болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі ғана емес, саяси жүйенің өзі өзгеруге тиіс.

«Алға» партиясы 25 қыркүйекте Назарбаевты биліктен түсіру мәселесі бойынша референдум өткізу үшін жиын ұйымдастырмақ болды. Жиын өткізуге жиналған делегаттардың саны жетпей қалды.

Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарынан келген әр өкілдіктің саны - заңда көрсетілгендей – 30 кісіден кем болды.
XS
SM
MD
LG