Accessibility links

Пәкістанда қастандықтан 9 адам мерт болды


Жұма күні Пәкістанда әскери патрулдің автокөлігі минаға жарылып, тың дерек бойынша, 9 адам мерт болды, олардың ішінде 3 жергілікті тұрғын болса, қалған алтауы - әскерилер.

Жарылыс Талибан мен «Әл-Қаида» тобының содырлары белсенді әрекет ететін таулы Оракзай айданындағы бір қышлақта болды.

Бұл соңғы аптада Пәкістан әскеріне қарсы жасалған үшінші шабуыл болды.

Пәкістанда ресми билік таяудағы апатты су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетумен шұғылданып, айтарлықтай тыныштық орнаған кезде осындай қастандық шабуылдар жиілей түсті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG