Accessibility links

Гаитиде 200 адам тырысқақ дертінің құрбаны болды


Елдің солтүстігінде жұқпалы тырысқақ ауруының кең таралуынан 200 адам ажал құшса, 2600-дей науқас ауруханаларға жатқызылды.

Гаити билігі осы жылғы қаңтар айында болған жер сілкінісінен кейін жүздеген мың адам тұрып жатқан палатка қосындарда жұқпалы дерттің етек алып кетпеуі үшін барлық шараларды қарастырып жатыр.

Ол зілзала салдарынан 250 мың адам опат болып, бір жарым миллион тұрғын баспанасыз қалған еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG