Accessibility links

Ходорковский мен Лебедевке тағы 6 жыл жамалуы мүмкін


Ресей прокурорлары түрмеге жабылған бұрынғы магнат Михаил Ходорковский мен оның бизнес әріптесі Платон Лебедевке тағы 6 алты жыл түрме жазасын беруді сұрап отыр.

Бұрын сегіз жылға сотталған Ходорковский мен Лебедевтің мерзімі 2011 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді.

"Юкос" мұнай компаниясының бұрынғы басщысы Михаил Ходорковский мен әріптесі Платон Лебедев мемлекет қаржысын ұрлады, талан-таражға салды, салықтан жалтарды деген айыптармен сотталған болатын.

2003 жылы Ресейдің ең дәулетті адамы болған Ходорковский тұтқындалғанда ол сол тұстағы президент Владимир Путиннің саяси бәсекелесі ретінде қарастырылған-ды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG