Accessibility links

Жапония қауіпсіздікке қауіп-қатер күшейді деді


Жапония премьер-министрі Наото Кан ел қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер соңғы кезде күшейе түсті деді. Бұл туралы ол Токиода өткен Қорғаныс күштерінің шеруінде сөйлеген сөзінде айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, ел қауіпсіздігіне қатысты үлкен алаңдаушылық Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасынан, Қытайдың әскери қуатының оның ішінде теңіз күштерінің күшейгенінен төніп тұр.

Премьер-министр Кан бұл тұрғыда Жапонияның АҚШ-пен әскери-саяси байланысын күшейту маңыздылығына тоқталды.

Оның бұл мәлімдемесі Солтүстік Кореяға Қытайдың әскери делегациясы барды деген хабардан кейін айтылып отыр. Солтүстік Корея мен Қытай өзара келіссөздерінен кейін байланыстары жақсара түсетінін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG