Accessibility links

Ауғанстандағы БҰҰ ғимаратына жанкештілер шабуылдады


Ауғанстанның батысындағы Херат провинциясындағы БҰҰ-ның ғимаратына сенбі күні жанкештілер шабуылы болды, бірақ ұйым қызметкерлері аман қалды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, бұрқа және полиция киімін киген 4 жанпидашы Херат қаласындағы БҰҰ-ның бірнеше агенттіктерінің кеңсесі сыртында жарылыс жасады.

Полиция шабуылдаушының бірі жарылғыш зат қойылған көлігін жарса, жанкешті кеудешесін киген үшеу ғимараттарға кірмек болған деді.

Оларды қауіпсіздік күштері атып тастаған. Ауғандық полиция арасында адам шығыны болған жоқ. Бұл шабуылға жауапкершілікті талибан алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG