Accessibility links

Солтүстік Кавказдағы қақтығыстан 6 адам қаза тапты


Ресейден түскен хабарларға қарағанда, Солтүстік Кавказ аймағында бомбалық шабуыл мен полиция рейдінен жексенбі күні кемінде алты адам қаза болды.

Полицияның хабарлауынша, Дағыстанның Хасавюрт қаласында бір ажнкешті полиция күштерінің жатақханасын жармақ болып, өзі мен бір полиция офицерінің өмірін әкетті. Жарылыстан тағы жеті кісі жараланды.

Дағыстанда полиция екі күдікті жауынгерді атып өлтірген. Ингушетияда полиция күштері терроризм айыптары бойынша іздеуде жүрген екі адамды өлтірді деп хабарланып отыр. Ресей Солтүстік Кавказда өсе түскен исламистік бүлікшілермен күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG