Accessibility links

Мәскеуде үкіметке қарсы наразылық шеруі өтті


Мәскеуде 300-дей адам премьер-министр Владимир Путиннің орнынан кетуін талап еткен шеру өткізді.

Сенбі күні олар Кремль маңындағы Пушкин алаңына жиналып, "Путин қызметінен кетсін", "Біз кезектен тыс сайлауларды қалаймыз" деген ұрандарды айқайлаған.

Наразылық шарасы рұқсат етілмеген акция болды, бірақ полиция ешкімді қамауға алмады. Мәкеуде әдетте оппозициялық шерулерге тыйым салынып, полиция кез-келген шерушіні қамауға алып келген.
XS
SM
MD
LG