Accessibility links

Бахрейнде шийт оппозициясы парламенттің басым орнын иеленді


Бахрейнде сенбі күні өткен парламент сайлауында шийттердің оппозициялық тобы жеңіске жетті. Сайлау комиссиясының жексенбі күні хабарлауынша, "Ұлттық келісім исламшыл" тобы дауыс берудің алғашқы турында партиялық тізімдегі 18 орынды иеленіп отыр.

Бұл жеңістерімен шийттер тобы өздерінің төменгі палатадағы басымдығын сүнниттерге қарағанда бір орынға көбірек күшейтті. Бахрейндіктердің басым тұрғыны шийттер, бірақ билік сүнниттердің қолында болып келген.

Сенбі күнгі дауыс беруге халықтың 67 пайызы жиналған. 2006 жылғы сайлауға 72 пайыз адам қатысқан екен.
XS
SM
MD
LG