Accessibility links

Франциядағы ереуілдерге 13 күн болды


Францияда мектеп каникалуына шыққан отбасылар жанармай тапшылығына байланысты жоспарлы демалыстарына бара алмай қалған.
Францияда көптеген адам зейнетке шығу жасын 60-тан 62-ге өсіруге қарсы шығып, жанармай бекеттеріне кедергілер жасап тастаған. Елде зейнеткерлік жасын ұлғайту жоспарына қарсы наразылық шаралары өтіп жатқанына 13 күн болды.

Франция сенаты бұл заң жобасын қабылдап қойды. Соңғы күндері үкімет полиция күштерін мұнай өңдеу зауыттарына жолдап, шерушілер жасаған кедергілерді алып тастауды тапсырған. Бірақ елде әлі де жанармай тапшылығы күшейіп тұр.
XS
SM
MD
LG