Accessibility links

«Бүтін Қырғызстан» сайлау комиссиясын сотқа береді


Қырғызстанның оппозициялық «Бүтін Қырғызстан» партиясы 10 қазанда болып өткен парламент сайлауында берілген дауыстарды қайта есептеуді талап етіп, Орталық сайлау комиссиясының басшылығын сотқа бермекші.

Дүйсенбі күнгі партияның өкілі Екатерина Быцко мәлімдегендей, сайлау комиссиясы республика билігінен «Бүтін Қырғызстан» партиясын парламентке өткізбеу туралы нұсқау алыпты-мыс. Партия Бас прокуратурадан сайлау комиссиясының төрағасы Ақылбек Сариевтың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етпекші.

Орталық сайлау комиссиясының бастапқы есебі бойынша, сайлауда оппозициялық 3 партия мен үкіметшіл 2 партия жеңіске жетті.

«Бүтін Қырғызстан» партиясы олардың қатарына кірмеді. Өйткені, сайлаушылардың саны қосымша тізімдер бойынша 200 мыңға ұлғайтылған соң, «Бүтін Қырғызстан» 5 пайыздық межеден өте алмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG